пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

«Қыз жетпей жүр ме, не мынау?»: Қайрат Нұртас әйеліне ұсталып қалды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың жеке өмірі жұрттың талқысына жиі түседі. Күні кеше танымал әнші әйелінен оңбай сөз естіді, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото коллаж exk.kz
Фото коллаж exk.kz

Соңғы уақытта Жұлдыз отағасымен түскен фото-видеоларын жеке парақшасына салмай жүр. Мұны аңғарған оқырмандары Қайраттың әйелін балағаттап, күйеуінің суреттерін желіге жүктеуді талап еткен.

«Сен қатын нервке тимей Қайратты салсаңшы. Байы жоқ қатынға ұқсамай, Аллаға шүкір ет. Байың тірі ғой. Сен қатынды жақсы көруші едім, көңілім қалды. Қайроштай байың болса, не арман бар? Ертеңнен бастап суреттерін сал. Көретін болайық», — деп жазған оқырманының бірі.

Желі қолданушысының ашу-ызаға толы хатын Әбдукәрімова Instagram-дағы stories бөліміне салып, «Күлкімді келтірген хат» деп жазба қалдырған.

Алайда санаулы сағаттан соң Жұлдыз күйеуі Қайратты көпшілікке көрсетіп, видео жүктеген. Аталған бейнежазбаға зер салсақ, ерлі-зайыптылар бір-бірін біраз уақыт көрмеген сияқты.

Бұл кездесуде Әбдукәрімова Қайрат Нұртастың үстіне киген киімін ұнатпай, бірден ұрса бастайды. Өйткені танымал әншінің жемпірінде сұлу қыздың суреті бейнеленген еді.

«Жоқ, қыз жетпей жүр ме, не мынау? Көкірегіңе қыз жабыстырып алып? Сені оқырмандар сұрап жатыр. Қайратты неге көрсетпейсіз деп. «10 жылдан кейін көрсетемін, себебі көз тиіп қалады» дедім. Апалардың сұрауы бойынша Қайратты stories-ке шығарып жатырмын», — деді Жұлдыз.

Ойда-жоқта үстіндегі киіміне шүйліккен келіншегінің сөзіне сасқалақтап қалған Қайрат отбасына қатысты көпшілікті қызықтырған сауалға төмендегідей жауап берді.

«Тірімін, ең бастысы жақсымын. Аллаға шүкір, отбасым қасында. Бірақ енді мені 10 жыл көрсетпейді. Сау болыңыздар», — деп күлді Қайрат Нұртас.

Күйеуінің бұл сөзін Әбдукәрімова да жауапсыз қалдырмады.

«Өмір алма кезек», — деп Жұлдыз қысқа қайырды.

Что думаете об этом?
Нравится 5
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 1
Возмутительно 0