Қазақстандық актер Тәуекел Мүсілім екінші рет әке атанды. Қуанышты хабарды актердің жұбайы Махаббат Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.
Тауекелдің жарының жазбасы бойынша, өмірге ұл бала келген.
«Тәуекел екеуіміз екінші рет ата-ана атандық. Құлыным, мына өмірге ашқан есігің құтты болсын! Бауы берік болсын! Үлкен ер-азамат бол! Біз сені жақсы көреміз. Аллаға сансыз шүкірлік», — деп жазды Махаббат.
Оқырмандар актердің қуанышына тілектестігін білдіріп, құттықтауларын жаудырды.
«Бауы берік болсын»; «Құттықтаймыз»; «Айтөре аға болды»;
«Балалардың қызығын бірге көріңіздер»
«Кішкентай азаматтың бауы берік, қадамдары нық болсын! Болашағы жарқын, ата анасы қызығына тоймай қуана жүрсін. Арттарынан кішкентай періштелер ере берсін. Жақсы айтылған дұға тілектер әрдайым қабыл болсын!» — деп жазды желідегілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram