воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Мобилизациядан қашқан ресейліктер ұлының тұсауын қазақы дәстүрмен кесті

Мобилизациядан қашып, Қазақстанға қоныс аударған ресейліктер қазақ жұртшылығының салт-дәстүрлерін де қолданысқа енгізе бастады. Жас отбасы тәй-тәй басқан ұлдарының тұсауын қазақи жөн-жоралғымен кесті, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: ru.freepik.com
Фото: ru.freepik.com

Бұл рәсімнің видеосын сәбидің анасы ТікТок-тағы парақшасына жариялады. Оның айтуынша, тұсау кесу рәсімін өткізбес бұрын қазақстандық оқырмандарынан жөн-жоралғы туралы кеңінен сұрап біліп, олардың кеңестерін назарға алған.

«Сіздердің кеңестеріңізбен баламызға ұлттық киімді жалға алдық. Тұсау кесу — көне ырымдардың бірі. Тұсауы кесілген баланың алдына түрлі заттар қойылады. Біз кішкене заманауи еткіміз келіп, кітап, ақша, штатив пен ноутбук қойдық», — дейді Ресейден Қазақстанға келген келіншек.

Ұлының тұсауын күйеуі кескен. Балақай кітапты таңдайды. Анасының айтуынша, олар үшін ұлдарының бұл таңдауы күтпеген жағдай болыпты.

Видеоны көрген желі қолданушылары тұсауы кесілген балаға сәттілік тілеп, Қазақстанға қоныс аударып, осы елдің салт-дәстүріне құрметпен қараған жас ата-анаға риза болды.

«Кітап таңдаса, демек, ақылды, іскер азамат болады», «Бақытты болыңыздар», «Мишаға мына костюм сондай жарасып тұр», «Қадамы құтты болсын. Өмірі кітапқа жазылатындай керемет боп өссін», «Жолы ашық болсын. Менің ұлым ақшаны таңдаған», «Жарайсыздар, бұл рәсім баланың болашағы жарқын, тек қана биіктерден көрінсін деген ниетпен жасалады», «Өздеріңіз қазір тұрып жатқан елге деген құрметіңіз үшін рахмет. Жарайсыз», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Ресейден Қазақстанға қоныс аударған бұл отбасы қазір Қостанайда пәтер жалдап тұрып жатыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 4
Возмутительно 2