Белгілі әнші Алтынай Жорабаева тойда би билеймін деп көрермендердің кезекті сынына ұшырады, деп хабарлайды Экспресс К.
TikTok әлеуметтік желісінде әншінің тойхана ортасында билеп жүрген видеосы тарап кеткен.
Оған пікір жазушылар әншінің бұл әрекетін қатты сынға алып, мысқылдап жатыр.
«Гүл әпше десе, гүл әпше болыпты. Желбірегі бар семіз русалкаға ұқсап қалыпты»;
«Ақшасы бар ғой, жөні түзу көйлек алмай ма?»;
«Алтынай, енді бұлай билемей-ақ қойыңызшы»;
«Стилист керек екен бұл әншіге»;
«Кезінде оранып еді, қазіргі ісі мынау», — деп жазып жатқандар көп.