Танымал музыкант көлік апатына түсті

Виолончель аспабымен танымал музыкант Бағжан Октябрь көлік апатына түсіп қалды.

Танымал музыкант көлік апатына түсті

Ол бұл туралы Instagram парақшасында оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ойламаған жерден көлік апатына түскенін айтқан ол бұл жағдайға өзі кінәлі болғанын да жасырмады.

«Көлік маған жол береді деп ойладым. Бірақ, ол мені байқамаған да екен», - дейді ол.

Айтуынша, қазір денсаулық жағдайы жақсы. Дегенімен, есеңгіреп қалғанын айтады.

«Ояна салып бірінші ойлағаным қолдарым. Қолым аман болса болды екен деп тіледім», - дейді музыкант.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 4
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0

В статье: