пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

2023 жылға Қазақстанға арналған ораза кестесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қасиетті Рамазан айы 23 наурыз.

Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.

Рамазан айы – әр жылы қайта оралып, мұсылман адамға өз-өзіне жаңадан тәрбие беруге мүмкіндік беретін, мұсылман пенденің сабырлығы бойынша емтихан тапсыратын ай. Оразаға ниет еткен жамағат ала таңнан ақшам уақытына дейін сабырлық жасайды. Ораза болғаны үшін кешке дейін ішіп жемейді. Сондай-ақ, ашу-ызаға бой алдырмай, жұмсақтық танытады. Тұла бойын харамнан, тілін жаман сөзден, көзін сұқтанудан сақтайды, деп жазады Stan.kz.

Атап өтерлік жайт, мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Что думаете об этом?
Нравится 5
Мне все равно 5
Забавно 4
Сочувствую 1
Возмутительно 6