пятница, 2 июня, 2023
icon
448.72
icon
480.44
icon
5.56
Алматы:
icon
27oC
Астана:
icon
31oC
Подпишитесь на нас:

TikTok-та «қара жамылғандар» неге көбейіп жатыр?

Әлеуметтік желіде TikTok-тағы тікелей эфирде никаб киген қыздардың көбейіп бара жатқаны қызу талқыға түсті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

TikTok-та «қара жамылғандар» неге көбейіп жатыр?

«Түнде TikTok ашсам, тікелей эфирде кілең осындайлар отырады. Қорқынышты. Бұлар әзірге зайырлы елде, Конституциямен өмір сүріп жатыр. Сондықтан емін-еркін қара қапшықтарын киіп, түңгі сағат 2-де эфирге шығып,ойларын емін-еркін айтып жатыр. Милары түгел араби,сөздері араби қазақша. Осылар егер өздері аңсап, құруға жанталасып жатқан халифаттары орнаса, бір-ақ сағатта эфирге шығып, ойларын айтпақ түгіл, ауыздарын ашуға да құқтары болмай еркектердің басыбайлы құлы болатындарын білмей ме? Бұлар да ана болады, сонда қыздарының шариғи елдердегідей 9-13 жасынан бастап біреудің 2-3-4 қатындары болатынын білмей ме?» ― деп жазды желі қолданушысы.

«Дұрыс айтасыз», «Алданған адамдар ғой», «Бұлар өте көп. Әсіресе Ақтау, Атырау, Ақтөбеде ошағы көп екен», «КНБ қайда қарайды?» ― деп пікір қалдырды желідегілер.

В статье:
Что думаете об этом?