пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Imanbek әйгілі британдық Def Leppard тобымен трек шығарды

Қазақстандық музыкант, диджей, Грэмми сыйлығының иегері Imanbek белгілі британдық топпен бірлесіп жаңа ән шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: instagram.com/imanbekmusic
Фото: instagram.com/imanbekmusic

«Бұл коллаборация заманауи ремейкте классикалық металл-бэнгер жасауға көмектесті. Бүгінде әлемдік рок тарихындағы ең танымал композициялардың бірі жас буын арасында екінші рет, жаңа мәнге ие болады», — деп атап өтті Иманбек Зейкенов.

Жаңа музыкалық туынды эклектиканы жаңа деңгейге көтеріп, стильдердің үйлесімін ғана емес, дәуірлерді де біріктірді. «Pour Some sugar On Me» бүгіннен бастап барлық платформаға шықты.

Классикалық роктан слэп-хаусқа extended нұсқамен біртіндеп ауысу және jayover ремиксі жаңа тректің осы көктемдегі ең сұранысқа ие би фонограммаларының тізіміне сенімді түрде қосылуына мүмкіндік береді.

«Біз үшін қазақ талантымен бірлесіп жұмыс істеу керемет тәжірибе болды. Тыңдаушылардың ең сүйікті синглдерінің бірі музыкадағы жаңа ұрпақ пен трендтің символы бола алатынына үміттенеміз», — дейді Def Leppard.

Айта кетсек, Def Leppard – 1977 жылы құрылған әйгілі рок тобы.1995 жылы бір күн ішінде 3 континентте өнер көрсеткен жалғыз орындаушы топ ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

«Pour Some sugar On Me» сингліне түсірілген бейнеклип АҚШ-та 2-орынға ие болды, рекордтық 73 күнде MTV арнасында 1-орынға ие болды. Сонымен қатар, 2006 жылы «80-жылдардағы ең керемет 100 ән» рейтингінде VH1 арнасында 2-орынға көтерілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0