суббота, 4 мая 2024 г.
icon
444.14
icon
477.05
icon
4.85
Алматы:
icon
25oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

«5000 доллар»: Актер Алмат Сақатов еңбек сіңірген әртісі атағы үшін Арыстан Мұхамедиұлының ақша сұрағанын айтты

Қалың көпшілікке «Бауыржан шоу» театры арқылы танылған актер Алмат Сақатов «Базарlike» бағдарламасында мемлекет тарапынан еленбей жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

«Негізі атақ алғым келмейді, егер бере қалса бар тартпаймын. Пендеміз ғой, кейбір кезде кеше ғана сахнаға шығып, алты өлең айтып жүргендердің ішінде ел білетін үш әнші «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атақ алып жатады.

Бір концертте «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деп хабарлағанда 25-26 жастағы бала шығады. 30 жыл сахнада жүрмін.

Бауыржан шоуда жүрдік, қиын кезде жүрдік, қаншама киноға түстік, спектакльдер қойдық, тележобаларға қатыстық бірақ атақты сатып алу керек.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының құны Арыстан Мұхамедиұлы бастық болып тұрған кезде 5000 доллар болды. Маған: «5000 доллар бересің, ертең осы атақты алып беремін» деп ашығын айтты. Алмаймын, ол ақшаға ешқандай пайдасы жоқ. Оған бергенше бала-шағама берейін ол ақшаны», — дейді актер.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 2
Забавно 48
Сочувствую 0
Возмутительно 9