Кореялық әнші Song Won Sub Қазақстанда танымал әндердің бірі саналатын «Сыған серенадасының» кавер нұсқасын домбырада шырқап, желі қолданушыларының ерекше ықыласына бөленді, деп хабарлайды ztb_kazakhstan.
Әнші Қазақстанда болған кезінде оған домбыра сыйлаған. Нәтижесінде аспапта еркін ойнауды үйреніп, қазақша әндерге кавер түсіруде.
«Сыйлық ретінде алған домбырамда алғаш рет ойнадым. Қандай керемет…», — деп жазды әнші.
Айта кетейік, ол осыған дейін марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің «Дождь» әнін және бірнеше танымал әндерді сәтті орындап шыққан еді.