среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Facebook, WhatsApp, Instagram. Балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда Instagram, Facebook, WhatsApp, «ВКонтакте» платформаларында кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау жоспарланып отыр. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото:Pixabay
Фото:Pixabay

Үкімет балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарын бекітуге қаулы етті.

Instagram, Facebook, WhatsApp, «ВКонтакте» платформаларында заңды өкілдердің рұқсатынсыз кәмелетке толмағандарды тіркеуді шектеу жөніндегі шараларды енгізу жобасы қабылданған жағдайда бұл жұмыс 2025 жылғы бірінші тоқсанға жоспарланған. Бұл үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сондай-ақ, оқу-ағарту министрлігі жауапты болады.

Кешенді жоспар 4 бөлімнен тұрады:

Балалардың құқықтарын зорлық-зомбылықтан, қатігез қарым-қатынастан қорғау.

Білім алушылардың педагогикалық қолдау құқығын іске асыру, балалардың суицид және аутоагрессив мінез-құлқының алдын алу және түзету.

Қазақстандық балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы.

Ақпараттық сүйемелдеу.

Құжат 6 маусымға дейін қоғамның талқылауында болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1