пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Алматыдағы мектеп 4 ағаш кескені үшін 200 түп ағаш отырғызуға міндеттелмек

Алматыдағы №189 мектептің аумағында төрт ағаш заңсыз кесілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Әлеуметтік желіде Қазыбек Тауасарұлы, 27 мекенжайында орналасқан №189 мектептің аумағында сау ағаштар кесілгені туралы ақпарат тарады. Алматы қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы бұл ағаштарды кесуге рұқсат бермеген, мектеп те рұқсат сұрамаған.

«Басқарма Бостандық ауданының ІІБ мен Алматы қаласының табиғатты қорғау полициясына оқиға бойынша шара қабылдау үшін хат жолдады. Келтірілген шығын көлемі 110 АЕК (379 мың теңге), жалпы пайдаланудағы жерлерге міндетті өтемақы ретінде 200 түп ағаш отырғызуы қажет», – делінген қалалық экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0