четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған анасын көпшілікке көрсетті

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасына келінінің суретін жариялап, туған күнімен құттықтады. Көпшілік оны Мерейдің туған анасы деп топшылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

«Гүлбақыт, туған күніңмен. Кеше ғана келін боп түскен едің. Жасың құтты болсын! Немере сүйіп жатырсыңдар. Бағдат екеуіңе енді шөбере сүю бақыты бұйырсын. Аналарымыз аман болсын. Сыйлығыңды жібердім», – деп жазды өнер иесі.

Суретте Мақпал Жүнісованың келіні, Райымбек есімді жас жігіт пен Мерей тұр.

Желі қолданушылары әншінің асырап алған қызы Мерейді суреттегі келіншек пен жас жігітке ұқсатып, туған анасы мен інісі деп топшылады.

«Мерей мен мына бала ұқсайды екен»; «Мерей мамасына ұқсайды»; «Келініңіз әдемі екен», – деп жазды желідегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 21
Мне все равно 2
Забавно 7
Сочувствую 2
Возмутительно 51