понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-4oC
×

«13 млн теңге сыйлық алдым»: Вебкам-модель өмірі туралы айтты

Танымал қазақстандық блогер, TikTok жұлдызы Juzzefina-ның Желіде басы дауға қалды. Биыл наурызда әлеуметтік желіде 22 жастағы бойжеткеннің веб-камера моделі болғаны туралы ақпарат тарап кетті. Блогер «40 сұрақ» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасы, алған бағалы сыйлықтары және тапқан табысы туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: Instagram/juzzefina244
Фото: Instagram/juzzefina244

Juzzefina-ның айтуынша, ол бұл шу басталғалы бері отбасымен қарым-қатынасты үзген. Блогер бұған дейін де әкесіне өкпелі болғанын жасырмады.

«Мен үшін табу тақырып. Әлі де бұл тақырыпты қозғауға дәтім бармайды. Мүмкін, біраз уақыт өткеннен кейін ашып айтармын. Ешқандай қарым-қатынас жоқ. Оқиға наурызда болғанда хабарлама келді, содан бері араласқан жоқпыз. Көбі ата-анаммен қарым-қатынасым биыл өззгерді деп ойлайды. Негізі олай емес. Кішкентай кезімде түрлі мәселе болған, түсініспеушілік көп болды. Оқуға түскеннен кейін тек той дегендерде көрісетінбіз, қазір тіпті араласпаймыз. Менде қазір ата-анамды іздеу, реніш деген жоқ», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол өмірде бірнеше рет бағалы сыйлық алғанын жасырмады. Соның бірі -13 млн теңге. Ал бір күнде ең көп тапқан табысы – 1,7 млн теңге.

«Жақсы компанияға орналастым. Басқа деңгейдегі адамдармен сөйлесе бастадым. Барлық сыйлық ақшалай болды. Ал бір кісі 55 акциясын берді. Ол акция әлі менің атымда, құнды қағаздар. Бірде туған күніме бір кісі 13 млн сыйлық берді. Арамызда ештеңе болған жоқ. Бірге жұмыс істедік. Сол кісінің жобасын жақсы жаптық, кейін менің туған күнім келіп қалды. Ақшаны құртып тастаған жоқпын. Негізінде көлік не Hermes-тің сөмкесін ал деді. Бірақ сөмкеге жұмсауға аядым. Басында қомақты соманы алуға тартыншақтадым, сұрауы болады деп ойладым. Бірақ «Жұлдыз, менің саған ешқандай ойым жоқ» деді. Ол кісі мені қолымен де түртіп көрген жоқ. Кейін 3 млн-ға сыйлық алдым, жартысын бизнеске, қайырымдылыққа жұмсадым, қалғанын сақтап қойдым», - дейді ол.

Бұған дейін Juzzefina Good Zhan есімде блогерге берген сұхбатында ата-анасының бұл жаңалықты қалай қабылдағанын айтты. Оның айтуынша, бұл уақытта ол Дубайда құрбысының тойында болған. Сол кезде әкесінен аудиохабарлама келген. Тіпті отбасылық чаттарда пікірталас басталып кеткен.

«Туған ата-анаңнан сондай ауыр сөз есту қиын екен. Кете бер, өліп қал, мынадай қарабет болғанша, өзім өлтіремін деді. Асыра сілтеп айтып жатқан жоқпын, дәл солай айтты. Сол кезде Астанада болғанда барып секіре салатын едім. Сол кезде Қазақстаннан кетіп өзімнен-өзім кетіп қалайын деген ой келді», - деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 6
Сочувствую 0
Возмутительно 1