понедельник, 2 октября, 2023
icon
474.47
icon
503.51
icon
4.88
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
13oC

Ажырасып кеткеніне 4 жыл болған Динара Қырықбаева қайта тұрмысқа шығуды ойлайтынын айтты

Отандық әнші Динара Қырықбаеваның күйеуінен ажырасып кеткеніне төрт жылдың жүзі болған. Өнер иесі кейде қайта тұрмысқа шығу туралы ойлайтынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ажырасып кеткеніне 4 жыл болған Динара Қырықбаева қайта тұрмысқа шығуды ойлайтынын айтты

Фото: instagram.com/kyrykbayeva

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында жазды.

«Менің ажырасқаныма 4 жыл болыпты. Мен өзімді жайсыз сезінбеймін, көңілсіз емеспін. Жасырмаймын, кейде қайта тұрмысқа шықсам қалай болады деп ойлаймын. Бірақ қазіргі уақытта мен өзімді жалғыздықта жақсы сезінемін», — деді Динара Қырықбаева.

Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2020 жылы үшінші сәбиін өмірге әкелгеннен кейін ажырасып кеткен болатын.

Әнші арада біраз уақыт өткенде сәтсіз некесі туралы айтып берді.

Сонымен қатар Динара Қырықбаева екінші рет тұрмысқа шығуға асықпау керектігін де айтқан болатын.

В статье:
Что думаете об этом?