пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-5oC
×

Тұрмысқа шыққан Кәмшат Жолдыбаеваны көпшілік түрік актрисасына ұқсатты

Отандық актриса әрі әнші Кәмшат Жолдыбаева Instagram желісінде оқырмандарына Таиландтағы демалыс кезінде түсірген жаңа суретін бөлісті. Өнер иесін көпшілік түрік актрисасына ұқсатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Фото: instagram/@kamshat__zholdybayeva
Фото: instagram/@kamshat__zholdybayeva

Жуырда ғана шаңырақ көтерген KeshYOU тобының бұрынғы әншісі әлеуметтік желіде бірнеше сурет жариялаған. Ал әншінің оқырмандары басына орамал таққан Жолдыбаеваны түрік сериалындағы актрисаға ұқсатты.

«Үнді мұхиты. Флора мен фаунасы бай. Жағымды климат. Экзотикалық жеміс-жидектер. Халқы кішіпейіл. Жоғарғы деңгейдегі сервис. Мұның бәрі — Таиланд. Осы жерде демалғанды ұнатамын», — деп жазды Кәмшат Жолдыбаева. 

«Королек - птичка певчая» сериалының актрисасына ұқсайды», «Көзі бақытқа толы», «Сондай бақытты көрінесіз», «Орамалды осылай тағу керек қой», «Керемет жарасып тұр», «Оранып алмай, орамалды осылай таққан дұрыс», — деп жазды желідегілер. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 2
Возмутительно 1