пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

Ән айтып күлкіге қалған Ләйлә Сұлтанқызы кәсіби әнші емеспін деп ақталды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Екі жұлдыз» жобасына қатысқан кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Ләйлә Сұлтанқызының танымал жобада өнер көрсеткен бейнежазбасы тарап, күлкіге қалған болатын. Тележүргізуші осыған қатысты пікір білдірді.

«Әншілік карьерамның басталып, біткен жері. Біріншіден, жаңа босанғам кезім, түріме, томпақтығыма күлуге болмайды. Екіншіден, кәсіби әнші емеспін. Содан марқұм Болат Атабаев: «Ләйлә, қоя ғой. Бұл сахнаға алғаш және соңғы рет шығуың болсын» деді. Содан менде комплекс қалып қойды. Тіпті караокеге барып ән айтпайтын болдым. Бала болдық. Бірінші рет «Екі жұлдыз» жобасы. Өзім де күліп алдым. Елдің бәрі күлген сияқты», – дейді ол.

Тележүргізуші «Екі жұлдыз» жобасына қалай қабылданғанын айтып берді.

«2010 жыл ғой деймін, есімде жоқ. Ол кезде Динара Адам продюсер болатын. Продюсер маған осы жобаға қатысуға ұсыныс жасады. Мен жерден жеті қоян тапқандай, өзімді керемет әншідей сезініп келістім. Соған қарағанда өзіме қатты сенімді болғанмын ғой. Адам деген өзіне, түріне, дауысына, талантына қарау керек қой негізі», – деп күлді Ләйлә Сұлтанқызы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 3
Возмутительно 4