пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Жұлдыз Әбдікәрімова жантүршігерлік жайттарға пікір білдірді

Танымал актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова кейінгі күндері болған жантүршігерлік жайттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Фото:  instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Ол жауаптылар ел алдына шығып сөйлейтін кез келгенін айтқан.

«Сұмдық. Таңсәріден әлемжеліні аша қалсам, Сарыағаштағы 5 жасар қыздың зұлымның қолынан қаза тапқанын оқыдым. Жүрек қан жылап жатыр. 5 жастағы қызды зорлап өлтірген. Бұл не сұмдық? Заман ақыр келген бе? Адам деп айтуға аузым бармайды. Ол бұған дейін «кісі өлтіргені» үшін 10 жыл абақтыда болған екен. Осындай психологиялық ауытқуы бар адамды қанша жыл түрмеде отырса да қайта қоғамға қосуға қарсымын! Президент істің қалай болғанын анықтауға тапсырма берді. Қаскөй ұсталды, бірақ бүлдіршін зорланып өлді. Оның отбасына қалай көңіл айтпақпыз? Қалай жұбатпақпыз? Ойбайлап, мән-жайды білмек болып, ақпарат іздеп жатқанымда түске қарай Алматыда 7 жасар қызды "дәретін ұстай алмағаны үшін" өгей шешесі ұрып өлтірген. Таңда бір, түсте бір баланы өлтіріп тастайтын қандай елге айналдық? Елдегі балалар құқығы туралы қаудаланған сұрақтар көкейімді тесіп жүргелі біраз болған. Жауаптыларды сөйлететін уақыт келді!» — деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары да адамшошырлық жайттардан есеңгіреп қалғанын жазған.

«Ит баланы тістесе, итті атып тастайды. Ал балаларды зорлап өлтірсе оған үкімет қарамағына алып, тегін тамақ пен тегін төсек беріп 10 жыл бағады», «Мен бұл жаңалықты бүгін көріп, жүрегім қан жылап отыр. Қолым ештеңеге бармай қалғандай...», «Менде қарсымын педофильдерді қайтып қоғамға қосылмауын», — деп жазған ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 4
Сочувствую 0
Возмутительно 0