воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-1oC
×

«Тынысым тарылды»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесікті қоқысқа тастағандарға шүйлікті

Отандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова қоқысқа тасталған бесік көріп, тамағына өксік тығылғанын айтты. Тележүргізуші бұл жайлы Instagram парақшасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

«Таң атты. Әдеттегідей жұмысыма шықтым. Түсірілім тобы бар. «Балалар» тақырыбы болғандықтан арамызда кішкентай қыз бар еді. Кенет көзім қоқыс үстінде жатқан бесікке түсті. Ішім алай-дүлей, тынысым тарылды. Көлікті тоқтаттым, әлем тоқтап қалғандай.

Есімді жия алмай, сүрініп-шалынып, бесікке бардым. Артыма қарасам, әлгі кішкентай қыз жүгіріп келеді. Түсірілім тобы аң-таң. Сонда түсінгенім, ана жүрегі мен бала көңіліне қоқыстағы бесік оттай үрей берді. Көзімізден жас сорғалап, тамаққа өксік тығылды. Балаларымның шақалағында бесіктен шешкен бойда керіліп, бой жазғаны есіме түсті.

Дәл сол сәтте құмарлана иіскейтінмін. Бұл дүниенің мәні, о дүниенің жұпары сол сәтте емес пе?! Елдегі балаларға жасалып жатқан зорлық-зомбылықтың тым тереңде жатқанын түсіндім. Біз ұлт ретінде сал-дәстүрімізді ұмытып, киелі бесігімізді қоқысқа тастай бастаппыз. Неге? Қашан бұл күйге жеттік? Бауыржан Момышұлы атамыз «Бесігі жоқ елден қорқамын» демеді ме? Бала және оған қатысты барлық дүние менің жанды жерім», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары арасында Әбдікәрімованың жазбасы қызу талқыға түсті.

«Бесікті не істедіңіздер?»; «Ескі бесікті не істеу керек?»; «Бесікті ешқашан сатпайды»; «Ел болғың келсе, бесігіңді түзе деп бекер айтпаған»; «Енді не істеу керек бесікті?»; «Қазақта бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік болып есептеледі»; «Ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік болып танылған бесіктің пайда болуы өте ертеде екен», — деп жазды желідегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 1
Забавно 9
Сочувствую 0
Возмутительно 1