среда, 8 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
25oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Бостандыққа шыққан Төреғали Төреәлі тойда жүр

Бостандыққа шыққан Төреғали Төреәлі тойда жүр, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram/toregalitoreali
Фото: instagram/toregalitoreali

Видео TikTok-та тарады.

«Халық Төрешті сағынып қалыпты», - дейді видео авторы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видеосы мен суреттері тараған еді.

Алматының полиция департаменті мәліметінше, 14 маусымда Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. (Уикипедиядағы мәлімет бойынша, Төреғали Төреәлінің тегі - Әлиханов) есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқан.

«Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессив болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды. Құқықбұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеріске алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екені белгілі болды», - делінген полиция хабарламасында.

Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетіні хабарланды.

Кейін Қазнетте Төреғали Төреәлі Алматыда Land Cruiser айдап жүргені туралы хабар тарады.

Алматының Полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.

«Бұл - жалған ақпарат, яғни шындыққа жанаспайды. Әртіс Алматы полиция департаментінің әкімшілік-қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау бөлмесінде әкімшілік қамауда өтеуді жалғастырып жатыр», - дейді тәртіп сақшылары.

18 шілдеде әнші бостандыққа шықты.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 2
Забавно 10
Сочувствую 2
Возмутительно 2