Танымал опера әртісі Майра Мұхамедқызы Шымкент опера және балет театрының директоры қызметінде қанша айлық алатынын айтты. Ол бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, Астанада жүргенде, бірнеше есе көп табыс тапқан.
«Құпия емес, халық бәрі біледі. Астанада жүргенде, филармонияда жұмыс істеймін, Астана опера, Шабытта профессормын. Іс-шаралар, тойларым бар. Аз дегенде миллион теңге алатынмын. Келгенде айлығым 140 мың болды (Шымкент опера және балет театрына - еск.). Қазір міне жарты жылдан бері өсті. Қазір 151 мың. Театр бойынша ең жоғары айлық менікі. Ең төмені - 50 мың теңге. Оны машинистер алады», - дейді ол.