пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

Әнші Индира Еділбаева неке қию рәсімінен әсерлі видео жариялады

Танымал әнші Индира Еділбаева өзінің инстаграм парақшасында неке қию рәсімінен видео жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram.com/indi_edilbayeva / видеодан кадр
Фото: instagram.com/indi_edilbayeva / видеодан кадр

Бұған дейін Индира Еділбаева оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөліскен болатын.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жігітінің ұсыныс жасаған видеосын салды және сторисінде «мен иә дедім» деп жазған болатын.

8 тамызда әнші Индира Еділбаева мен танымал әртістердің менеджері Камалдин Камирдинов некесін қиды. Олар неке қию рәсімінен видео жариялады.

«8.08.23 – шексіздік», — деп жазды олар инстаграм парақшаларында.

Әншінің таңдауы «Жабық клуб» («Закрытый клуб») музыкалық лейблінің директоры Камалдин Камирдиновқа түсті.

Камалдин - The Limba, Rusha, Ayau, Liili, Qair, abdr секілді әртістердің менеджері. Оның әртістермен жұмыс жасауы 2014 жылы басталған.

Еске салайық, Индира Еділбаева бүкіл Қазақстанға «Голос.Украина» жобасымен танылды. Ол бұл жобада суперфиналға дейін жетті, бірақ басты жүлдені ала алмады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 10