пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-4oC
×

85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болады – вице-министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың бұл сөзі көпшілік арасында біраз талқылауға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Елімізде айлығы төмен маман иелерінің бірі кітапханашылар екені белгілі. Олардың арасында айына 85 мың жалақы алатындар бар. Бұл туралы Білім саласындағы академиялық кітапхана басшысы Әлия Шоратқызы мәлімдеген болатын.

Осы орайда тілші вице-министрден «85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?» деп сұрақ қойып еді, шенеунік былай деп жауап берді:

«85 мың теңгеге өмір сүруге болады. Бірақ әр салада жалақы өсуі керек, қазір біз сол бойынша әдістемемен айналысып жатырмыз».

Сонымен қатар Ордабаев жалақы көтеру мәселесі 2022 жылы қолға алынғанын қоса кетті.

Что думаете об этом?
Нравится 6
Мне все равно 15
Забавно 539
Сочувствую 10
Возмутительно 11