пятница, 11 апреля 2025 г.
icon
515.18
icon
570.66
icon
6.06
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
20oC
×

«Қызметте өсірмеу туралы бұйрық болды»: Журналист әріптесі Амангелді Сейітханға қатысты бұған дейін айтылмаған деректермен бөлісті

Отандық спорт журналисі Аслан Қаженов Қазақ Радиосындағы «Бестселлер» бағдарламасына сұхбат бергенін айтып, танымал комментатор Амангелді Сейітханның өліміне қатысты бірақ шындықтың бетін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: әлуметтік желі
Фото: әлуметтік желі

Аслан Қаженов өзінің әлеуметтік желідегі парақашсында Амангелді Сейтханов туралы жазба жариялады.

«Жақында Қазақ радиосындағы «Бестселлер» бағдарламасына сұхбат бердім. Әңгімеміз бір кезде Амангелді Сейітханға бұрылды. Оның ішінде Аман ағаның тікелей эфирден шеттетіліп, комментатор болуына кедергілер айтыла бастады. Бұл енді көпшілікке белгілі жайт қой.

Плюс өзім біліп жүрген, бірақ көбі біле бермейтін жағдайларды да айттым. Мәселен, 2016-2017 жылдарға дейін микрофон ұстап, бізбен бірге «поляда» жүрді. Оны қызметте өсірмеу туралы тікелей бұйрық болды.

Шетелдегі спорттық шараларға баруына мүмкіндік бермеді. Амалсыз, жұмыстан уақытша шығып, федерацияға не министрлікке келісіммен жұмысқа тұрады. Сөйтіп, солардың атынан ғана барып жүргенін көрдім. Редактор болған кезінде мәтінді өзгертуге, тіпті эфирдегі материалға тиісуге тыйым салынды», – дейді журналист.

Ол жазбада Амангелді Сейітхановтің қызметте аяғынан шалған адамдар жайлы жасырмай айтты.

«Осы бар, өзгесі бар, барлығын жасап жатқан – боғымен жасты қыз-жігіттер. Әрине, моральдық тұрғыдан ауыр. Ағамыздың кемшілігі – соның бәрін ішінде сақтады. Ашық айтпады. Шерін тарқатпады. Соңында қайтыс болуына да сол түрткі болды деп ойлаймын.

Өйткені ковид кезінде осындай жаралардың беті ашылып, барлық ауру қозады ғой. Қысқасы, сөйтіп, Амангелді Сейітханды өлтірді. Ащылау болса да, ашығы осы. Енді одан жақсы адам таппай жүрміз.

Қалай болғанда да, Амангелді Сейітхан өз биігінде қалды. Оның есімін де, еңбегін де көпшілік жақсы біледі. Біз тұрғанда насихаттала береді де.

Ал оның балағынан тартып, жан-жағынан жұлмалаған кімдер? Оларды ешкім білмейді. Олар әлі тірі жүр. Олар солай өмірден өтеді де. Өкініштісі, Амангелді Сейітхан сияқты талай адамды жалмап кетеді.

Оларда өкініш болмайды. Олардың миссиясы сол ғана. Олардың қолынан басқа ештеңе келмейді. Радиодағы сұхбатты осындай ойлармен түйіндедім», – деп жазды Аслан Қаженов.

Айта кетейік, танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітхан 2021 жылы 16 тамызда екі апта жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмған болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 3
Сочувствую 0
Возмутительно 0