четверг, 2 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Аяғы ауыр Айжан Байзақова жаңа суреті желіде қызу талқыға түсті

Блогер Айжан Байзақова биыл ана атанатын танымалдардың бірі. Ол Instagram парақшасында жаңа фотосессиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/bayzakova
Фото: instagram.com/bayzakova

Блогер желіге жүктеген жаңа суреттен оның жұбайы мен ұлын да байқауға болады. Айта кетейік, осыған дейін Айжан Байзақова гендер-пати өткізіп, болашақ нәрестесінің жынысын көпшілікке айтқан болатын.

Блогер екінші сәбиінің де ұл болатынын мәлім етті. Сонымен қатар танымал блогер екінші нәрестесіне күйеуінің ата-анасы есім таңдайтынын да ашып айтты. Байзақованың бұл суретін желі қолданушылары қызу талқыға салды.

«Керемет», «Әдемі», «Өзгеріп кеттіңіз. Сізді бәрібір жақсы көреміз», «Біртүрлі сурет. Күйеуі ескерткіш секілді қақиып тұр», «Жүктілік керемет жарасады», «Біздің қазақтарға ештеңе жақпайды, әйтеуір», «Киіну стилі оғаш көрінеді», «Күйеуіңіз неге шашын алмайды», «Жігіттің мойыны жоқ па?» «Бірінші суретте оны қылқындырып тұрған секілдісіз», — деп жазды суретті талқыға салған желідегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0