понедельник, 13 мая 2024 г.
icon
439.4
icon
473.54
icon
4.76
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Танымал тележүргізуші Төреғали Төреәліні сұхбатқа шақырмайтынын айтты

Танымал тележүргізуші Тимур Балымбетов бағдарламасына келетін қонақты қалай таңдайтынын айтты. Динара Сәтжанның бағдарламасында продюсер Төреғали Төреәліден сұхбат алмайтынын жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

«Менде шықпай қалған бір сұхбат бар. Ол кісі танымал. Кадрде әртіс дұрыс өмір сүрмейтінін түсінді. Сол жерде трагедия, көз жасы болды.

Алайда бұл сұхбатты шығаруға ол кісі қарсы болды. Мен Төреғалиді сұхбатқа шақырмайтын шығармын. Хайп қуған адам болса, мен «жоқ» деймін.

Өйткені, жанжал шығарған немесе үнемі жанжал шығаратын адамды кадрде көргім келмейді. Кейде сұхбатқа дайындық барысында келетін қонақтың көрерменге берері болмаса, бұл жағдай мені тоқтатады.

Көрерменнің бағдарламаны хайп қуған қонақ үшін қарағанын қаламаймын. Бұл әрине, жеңіл. Бірақ мұны көрерменге көрсеткеннен не пайда табамын? Мен көрерменіме берері бар адамды көрсеткім келеді.

Бұл менің бағдарламам ғой. Сұхбатқа дайындалғанда, бағдарлама қонағының маған қызықты болғанын қалаймын. Егер маған қызықсыз болса, тіпті ақшаға да келіспеймін. Бұл жағдай жиі болады», — деді Тимур Балымбетов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1