пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

Жарнама құны 1 млн теңгеден басталады: Вайнер Мейіржан Төребаевтың әйелінің бизнестері белгілі болды

Танымал актер әрі вайнер Мейіржан Төребаевтың жұбайы, блогер Дана Есееваның есімі желі қолданушыларына жақсы таныс. Жарнама арқылы жағдайын реттеп алған қос блогердің табысы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Press.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/dana_yesseyeva
Фото: instagram.com/dana_yesseyeva

Shishkin_like Telegram-арнасының мәліметіне сүйенсек, Есеева «Даночка» ЖШС құрылтайшысы ретінде тіркелген. Кәсіпорын жартылай фабрикаттарды өндірумен айналысады.

2018 жылы құрылғаннан бері 11,3 млн теңге салық төлеген. Сонымен қатар блогердің мемлекеттік бағдарлама бойынша тігіншілерді оқытатын жеке оқу орталығы бар.

Ол жеке кәсіпкер А.И.Сұлтановаға тіркелген. Блогер Дана Есеева өзін жеке киім брендтерінің өндірушісі деп те таныстырады.

Төребаевтың әйелінің бүгінде 3 млн жуық жазылушысы бар. Жарнама құны да Reels үшін 1 млн теңгеден басталатынын жасырмайды.

TrendHERO мәліметтері бойынша, Есееваның шынайы аудиториясы орташа деп бағаланған (1,7 млн адам). Күдікті аккаунттар саны жалпы жазылушылардың санының 45,2%-на тең. Аудиториясының белсенділігін де анықтап көрген. Іс жүзінде жазылушылардың тек 1,5%-ы блогердің жазбаларына пікір қалдырып, лайк басады екен.

Оның үстіне жазылушылардың үштен бірі – ресейліктер. Аудиторияның жартысынан сәл астамы – қазақтілділер.

Бір қызығы, 2023 жылы Мейіржан Төребаевқа үкім шығарылғанға дейін Есеева Mudabarah Capital инвесторларының бірін сотқа берген. Ол соттан жалпы сомасы 20 миллион теңге төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін жарамсыз деп тануын сұрады.

Дана Есеева компания иесінің күйеуі Мейіржанды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп қорқытқанын айтқан. Сотталушының өзі қаржы пирамидасына салған ақшасына қатысты мәселені шешу үшін блогерге ақша аударғанын жария етті.

Сот Есееваның талап арызын қанағаттандырмады. Еске салайық, қаржы пирамидасын жарнамалап, басы дауға қалған вайнер бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жұбайы президентке дейін үндеу тастап, көмек сұраса да жауапсыз қалды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0