ТikТоk екі әйелден алған қос құданың видеосы қызу талқыланып жатыр
ТikTok топтарда екі әйелден алған екі еркектің видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды astanatv.kz.
Фото: әлуметтік желі
Қос құда мен төрт әйелді ортаға шығарған асаба ер адамдардан «тоқал алуға әйеліңізді қалай көндірдіңіздер?» деп сұрайды.
Еркектердің бірі тартынып, екіншісі күле жауап береді.
«Көндірдім ғой», — деп күледі ол.
Асаба «екеуі екі әйелден алыпты, қарап тұрсаң екеуінің де түрі онша емес қой» деп әзілдейді.
Құдалар той жоралғысына сай төс қағыстырады. Тойға келгендердің бәрі асабаның әзіліне мәз-мейрам.
Комментке пікір қалдырғандардың бірі тойдың Түркістанда болғанын жазады.
«Еркектер емес, бұл жерде әйелдер ерлік жасап тұр», — деп жазады екінші оқырман.
Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
1
Возмутительно
0