суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

«Астарлы ақиқатта» тұрмыстағы зорлыққа қатысты 420 бағдарлама арнаппын — Дина Төлепберген

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген «Астарлы ақиқат» бағдарламасында қанша шығарылым тұрмыстағы зорлық тақырыбына арналғанын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram.com/dina_tolepbergen
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

«Күйеуі әйелінің бетін тіліп тастады. Күйеуі жалаңаш қып, қамшымен сабады. Күйеуі көсеумен күйдірді. Күйеуі әйелін ағасының қойнына салды. Бұл - ойдан құрастырылған айуандық емес, алдыма келіп ақтарылған аналардың ақиқаты. Санап қарасам, Астарлы ақиқатымда тұрмыстағы жыныстық зорлыққа қатысты кейінгі 4 жылда 420 бағдарлама арнаппын.

Бұл - әрбір екінші шығарылым осы сұмдықпен байланысты деген сөз. Экранның арғы жағында ұят деп үйінде қымтанып қасірет шегіп отырған әйелдер қаншама… Олар ажырасам десе, жары «балаларды бермеймін, түксіз қалдырамын, түбінде өлтіріп тастаймын» деп қорқытады.  Менің үндеуімді қолдаған Сіздерге көп рақмет. 

Ал парламент не дер екен деп, үмітпен күттім. Сәрсенбі - мәжілістің толық құрамымен өтетін отырысы. Әттең-ай, қаракөз қарындастарым деп тұрмыстағы зомбылыққа қарсы шыққан бір ер депутат табылмады.

«Әйелдің сөзін сөйлеген «подкаблучник» деген аттан қорқып отыр ма, әлде, жазаны күшейтсе өздеріне таяқ боп тиеді деп сескене ме? Еркектерді еркектер тәрбиелесе ғой…», — деп жазған ол. 

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0