воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-1oC
×

Заңғар Нұртас әйелінің мәһрге сұраған заты Қазақстанда жоқ екенін айтты

Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар Нұртас «Ревю» бағдарламасына сұхбат беріп, жұбайының мәһрге не сұрағанын айтты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram.com/zangaar
Фото: instagram.com/zangaar

Заңғардың айтуынша, оның әйелі тек Дубайда сатылатын алтын сұраған.

 «Әлі алып бермедім. Ол арзан алтын емес. Ол алтынды Дубайға барып алу керек екен. Қазақстанда жоқ», — деді Заңғар Нұртас.

Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың тойын дүркіретіп өткізді. Алматы қаласында өткен өнерлі отбасының қуанышына шоу-бизнес жұлдыздары жиналған болатын.

Нұртас Айдарбековтің айтуынша, тойға 300 адам шақырған. Алайда үйлену тойына 400 адам жиналған. Сонымен қатар Заңғардың әкесі кенже келінінің қалыңмалына 10 мың доллар бергенін де ашып айтты.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 2
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0