воскресенье, 25 мая 2025 г.
icon
510.84
icon
579.7
icon
6.39
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
7oC
×

Екінші ұлын босанған Ерке Есмахан қазіргі жағдайын бөлісті

Жақында ғана екінші перзентін дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан перзентханадан шығып, үйіне оралған. Өнер иесі өзге әріптестері секілді перзентханадан шыққан сәтін дүркіретіп тойлап, желіде жарияламаған, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Фото: erke_esmahan/Instagram
Фото: erke_esmahan/Instagram

Ерке Есмахан өзінің перзентханадан шыққан сәтін асыға күткен оқырмандарына желіде жауап берді. Әнші ұлымен бірге үйіне келіп алғанын хабарлады. Алайда ол бұл ерекше отбасылық сәтін Instagram парақшасында бөліспеген.

«Сәлем достар. Біз үйге келіп алғанбыз және суреттегідей жағдай басталып кетті. Туа салып, мына Ерке құтырып кетті ғой демесін деп, көз тимесін деп үлкендерді тыңдап кішкене инста әлемнен алшақтадым. Ертең барлығын айтып көрсетемін. Іздеп жатқан жандарға рахмет. Бізде бәрі керемет, Аллаға шүкір», — деп жазды әртіс.

Өнер иесі алдағы уақытта барлығын айтып, көпшілікке көрсетуге уәде етті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0