пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Екі рет өлім аузынан қалды»: Әли Оқапов анасына жасалған қастандық туралы айтты

Танымал әнші, композитор Әли Оқапов анасы, Халық әртісі Роза Рымбаева туралы фильм түсіруді қолға алған. Әншінің өмір жолынан сыр шертетін туындыда екі рет қастандық құрбаны бола жаздаған сәті де айтылады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Instagram.com / aliokapov
Фото: Instagram.com / aliokapov

Әли Оқапов фильм түсіруді осыдан үш жыл бұрын қолға алған. Алайда кедергілер болып жатқан көрінеді.

«Үш жыл қатарынан өтпей қалып жатырмыз. Өйткені эксперттік комиссия мүшелері бар және олардың субъектив көзқарасы бойынша шешім қабылданады. Сол шешімге байланысты қолдау көрсетіледі. Жылдан-жылға шаршамай, сол «Роза» атты папкамды көтеріп, кейбір адамның көзіне күйік болсам да, жыл сайын ұсынамын», — деді ол.

Сондай-ақ халық әртісінің кейбір әріптестері де фильмді жарыққа шығаруға қарсы болып отырған.

«Менімен келіспейтін адам көп. Осы киноға қарсы шыққан жандар да бар. Ең қызығы анамның сахналас әріптестері мен өнер майталмандары да бар. Олардың өз жоспары бар шығар, біз сол жоспарға сай келмейтін шығармыз деп ойлаймын. Бірақ мен жеңілмеймін, тоқтамаймын», — дейді Әли Оқапов.

Сонымен қатар әнші анасына жасалған қастандықтың артында кім тұрғанын әлі күнге дейін біле алмай келеді. Айтуынша, өнер жұлдызы екі рет өлім аузынан қалған көрінеді.

«Екі рет анамыз өліп қала жаздаған. Оны көбі білмейді. Кеңес үкіметінің ыдырауы, 90-жылдар бар, содан кейін менің дүниеге келгенім бар, Мәдидің дүниеге келгені бар, әкеміздің қайтыс болғаны бар, түрлі-түрлі бәсекелестерінің жағымсыз қадамы анық көрсетіледі. Әр көрініс анамның өмірінен алынған», — дейді әнші. 

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0