Желіде Назарбаев «құлап бара жатқан» инсталляцияның видеосы тарады. Massaget.kz тілшісі инсталляцияны өз көзімен көріп, фото және видеоға түсірді.
Инсталляция Алматыдағы Әскери мәжіліс үйінде орналасқан. Авторы Ербосын Мелдібеков.
Автордың сипаттамадағы мәліметінше, топтама мүсін қиратылған сәтте тұғыры ғана қалған Назарбаевтың ескерткіштері түріндегі инсталляциялардан тұрады.