четверг, 2 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

«Туыстарыма жұмыс беретіндей Назарбаевтай құзыретім жоқ»: Мақсат Толықбай басы дауға қалған інісіне қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде «Хабар» телеарнасындағы ток-шоуға қатысты қызу пікірталас жүрді. «Бірақ...» бағдарламасының қызметкерлері отбасында зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелге ескертпей, оның бұрынғы күйеуін қонақ ретінде шақырған. Бұл желіде шу тудырды.  Бағдарлама жүргізушілерінің бірі - Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың інісі Самат Толықбай. Ол - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының депутаты. Мәжіліс депутаты інісінің дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

«Әртүрлі пікірлер айтыла береді ғой. Шатасып қалдыңыздар. Біріншіден, ол - бірнәрсені бүлдіріп қоятындай мектеп оқушысы емес, үш баланың әкесі. Өз іс-әрекетіне өзі жауап береді. Журналист ретінде пікірімді білгіңіз келсе, әрине, мен қарсымын. Тақырып таңдаудан бастап дұрыс болған жоқ. Бұл жерде дайын сценарийді оқи салды деп те айтуға болмайды.

Тәжірибе аз шығар. Ол жерде редактордың да кінәсі бар. Бұл жерде мен министрліктің позициясын қолдаймын. «Бірақ» сияқты «Қалаулым», «Қослайк» бағдарламаларды жабу керек. Осы үшін күресіп келе жатырмыз. Қазір заң нормасына өзгеріс енгізе алсақ, ол да үлкен жеңіс. Ал енді екінші сұрақ. Ол - мәслихат депутаты.

Біздің партияның артынан түскен жоқ, жергілікті тұрғындар өздері ұсынды. Мына бағдарламаға кімді шақырғанын білмеймін. Мен қазір біреуді қызметке қоя алатындай, туған-туыстарымды жұмысқа қоя алатындай бұрынғы Назарбаевтай құзыретім жоқ оған, бар болса да қолданбас едім. Сондықтан әркім өз ісі үшін өзі жауап береді. Мен ініммен сөйлесіп айттым, министрліктің позициясын қолдаймын», — деді депутат.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Хабар» телеарнасындағы ток-шоуға қатысты қызу пікірталас жүрді.

Желіде тараған кадрларда «Бірақ» бағдарламасының жүргізушісі эфирге келген қонақтан «күйеуіңіз ұруға себеп бола ма?» деп сұрайды. Одан бөлек әлеуметтік желіде эфир қонағы мен бағдарлама арасындағы келісімдер сақталмағаны, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелге ескертпей, оның күйеуін де бағдарламаға қонақ ретінде шақырғаны айтады.

Кейін бұл ток-шоудың жабылатыны белгілі болды. Мұны мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-те жазды.

Ал Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Хабар» арнасындағы «Бірақ» ток-шоуында туындаған дауға қатысты пікір білдіріп, халықтың пікірі ескерілгенін мәлімдеді.

Что думаете об этом?
Нравится 5
Мне все равно 3
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0