пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Жыртық көйлек сатты»: Әнші Шаһизада өз пікірін білдірді

«Дау-дамайсыз» бағдарламасының авторы — журналист Жазира Бегалы «жыртық» киім сатып отырған әнші Шаһизадаға ренжігені жайлы жариялаған еді. Танымал әнші ренжуге еш реті жоқ екенін түсіндіріп, жазба жариялады, деп Skifnews.kz-ке сілтеме жасап «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/shahizada.art
Фото: instagram.com/shahizada.art

Шаһизаданың айтуынша, көйлек жап-жаңа, тұтынушылар киіп көргенде тігісі сөгілген көрінеді.

«Қыздар, біздің дүкендегі киімдердің бәрі сапалы. Қызыл көйлек бүкіл Қазақстанға тарап, айқай-шу боп жатыр екен. «Жыртық көйлек сатты» деген әңгімені айтамын. Шүберек болғаннан кейін ондай-ондай болады. Дүкенге толық әйел де, арық әйел де келеді. «Сізге сыймайды» дегеніңе қарамай киіп көреді. Содан артындағы жібі сәл сөгілген. Мысалы, кеше Жазира деген ханымның балалары осы 50 мың теңгелік көйлекті 20 мың теңгеге жеңілдікпен алған екен. Өзі бір дана қалған соң жеңілдікпен сатуға қойдық. Енді соны айқайлатып, «жыртық»  көйлек деп салыпты. Бұл көйлек жыртылмаған, артқы жағы кішкене сөгілген. Жеңілдікпен алған соң 2-3 мың теңгеге тіктіре салуға болады ғой. Кеше осы көйлекті ұнатып бір қыз алайын деп еді, өлшемін таппай кетті», — деді әнші.

Шаһизада мұндай әңгіме арқылы журналистің лайк жинап алғысы келгені шығар деген ойын жеткізді.

«Мен соншалықты жыртық киім сататындай ақымақ адам емеспін. Қазақстанға әйгілі әншімін ғой. «Жыртық киім сатты» дегенде намысым келді. Жыртық ештеңесі жоқ, сөгілген. Кез келген киім сөгіледі, өйткені бұл – шүберек. Соны соншама даурықтырып, бүкіл әлемге жайып жіберді. Түсінем, енді сондайдың арқасында контент жинап, лайк жинайтын, біреулердің арқасында нан табатын, пікір жинайтын адамдар бар ғой. Мен сондайға түсіп қалған екенмін. Кешірім сұраймын, өзінен де кешірім сұрадым. Сонда да ренжіп қалған көрінеді», — деп ақталды өнер иесі.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 1