пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қазақстандықтар музыкант Jah Khalib бойкот жариялады

Жастар арасында кеңінен танымал болған Jah Khalib зорлық-зомбылық туралы айтқан пікірі желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/jahkhalib/
Фото: instagram.com/jahkhalib/

Өнер иесі ORTA подкасына қатысып, зорлық-зомбылық туралы ой бөліскен.

Айта кетейік, рэпер орамал тағып, жабық киінген қыздар, орамалсыз, дұрыс киінбей жүретін қыздардан өздерін қауіпсіз сезінеді. Бүгінде белең алып тұрған зорлық-зомбылыққа қатысты мәселенің бір фактісі – қыздардың дұрыс киінбеуіне тікелей байланысты екенін айтқан еді.

Желі қолданушылары мен әншінің тыңдармандары пікірімен санаспайтынын айтып, сынның астына алды. Өнер иесінің ойын «әйел құқығын таптауымен бірдей» деп дабыл қақты.

«Сіз қоғамнан оқшауланғаныңыз жөн болар еді. Сіз қызғылт түсті көзілдірік киіп өмір сүреді екенсіз», «Бесіктен белі шықпаған сәбилер зорлыққа ұшырап жатыр, оны қалай ақтап аласыз?!», «Мәселе киімде емес, Йемен мен Иранда не болып жатқанын білесің ғой. Өте қиын жағдай», «Қыздар дұрыс киінбегендіктен, зорланып жатыр деген пікіріңізден кейін, сізді тыңдамайтын болдым. Қызыңыз ашық-шашық киініп, жаман жолға түсіп кетпесін», «Мына әншінің әндерін тыңдамай, елімізде өнер көрсетуіне тыйым салу керек», — деп жазып жатыр тыңдарман қауым.

Еске салайық, зорлық-зомбылықтың себебін қыздарға жаппақ болған ерлердің жиналған подкасты желі қолданушылардың шамына тигенін жазған едік.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0