вторник, 1 апреля 2025 г.
icon
504.44
icon
545.65
icon
5.95
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
7oC
×

«Анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап қалды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова анасына жантебірентерлік ән арнады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

«Анамның ғұмыры қысқа болғанымен, алты баласының жүрегіндегі өмірі ұзақ. Анамның күліп отырып жылап қоятын, жылап отырып күле салатыны есімде. Түсінбей қарап отыратын едім жүзіне. Сөйтсем, есейгенде өзің де сондай болып кетеді екенсің ғой! Анам да өз анасын сағынған-ау деп қазір көп ойлаймын. Ана туралы ән болсын, әңгіме болсын, анам толқып отырушы еді. Әркімнің сағынышы өз ішінде ғой. Біз де, бауырлар жинала қалсақ, көз жанарымыз жасқа да толатын кездер де көп, анамыз небәрі 45 жасында өмірден озды. Фотолары да аз. Жақында бір іс-шара болғалы жатыр еді, бар фото видеоларды ақтарып отырып, жүрегім толқып, тамағыма жас тығылып отыр. Мама, мен сені жақсы көремін деп айтқым келеді, құшақтап, кеудесіне басымды қойып, құшағында отырып «МАМА, МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН» деп анамның өзіне айтқым келеді», – деп жазды ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0