воскресенье, 8 сентября 2024 г.
icon
480.55
icon
533.75
icon
5.36
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Танымал журналист тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты

Танымал журналист Дана Нұржігіт екінші некесінің сәтсіз болғанын айтып, басынан өткен жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат порталы.

Фото: instagram.com/dana_nurzhigit
Фото: instagram.com/dana_nurzhigit

Бұл туралы Дана Нұржігіт өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тақырыбы мені де айналып өтпеді. Жәбірленушінің орнында болып, сот залында тұрамын дегенді кім білген?! Қиындық кімде жоқ. Мен де мойымай, бастысы денсаулығым мен жұмысымнан айырмасын” деген едім. Алайда моральдық-психологиялық қысым алдымен денсаулығыма кері әсерін тигізді. Содан кейін ТВ-да жұмыс істей алмайтын жағдайға жеттім. Басшыға өзім барып, жұмыстан кететінімді айттым. Өйткені түске дейін тергеушінің алдында, түстен кейін тікелей эфирде жұмыс істеуге жарамай қалдым», — деді Нұржігіт.

Оның сөзінше, екінші некесі баянсыз болды.

«Екінші некем баянсыз болып, тоғыспайтын жерден М.Ә. есімді азаматпен мәмілеге келіп, адамша екі жаққа кетудің орнына іс насырға шауып, жабық есік жағдайындағы сот процесіне жетті. Іс 10 айға созылып, тергеу процесінен өттім. Соңғы нүктесі 28 мамырда қойылды. Үкім 13 маусым күні күшіне енді. Істің мән-жайын ашпауға қолхат беріп, уәделестік.

Сол үшін артық нәрсе жазбаймын. Иә, заңды түрде қорғануға мәжбүр болдым. Бір шешімге келерміз деп жүргенде істің арты осынша уақытты алады деп ойламаппын. Жұмыс пен үйдің, баламның берекесі қашты. Қаржылық шығын, жүйкенің тозуын айтпай-ақ қояйын. Бұл оқиға мен үшін үлкен сабақ болды. Әлімнің әкесіне дейін қолдап, «Сақ бол!» деп маған қорған болуға тырысты, жарықтық», — деп жазды тележурналист.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 8
Возмутительно 1