Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас желіде сәбимен түскен видеосын жариялап, қалың көпшілік назарын өзіне аударды. Оқырмандар өнер иесінің тағы да балалы болғысы келіп жүргенін болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасында ерекше видео жариялап, елді қызықтырып қойды. Бейнежазбада әнші кішкентай баланы көтеріп, құшақтап жатқанын көруге болады.
Өнер иесі видеоға өзінің орындауындағы әнді қосып қойған. Аталмыш әнде «Әлди сүйгім келеді» деген өлең жолдары бар.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бейнежазбасына сүйсініп, оған түрлі пікір қалдырды.
Бірі өнер иесінің балалы болғысы келетінін болжап жатса, енді бірі видеодағы кімнің баласы екенін біле алмай әлек болды.
«Бөпе легенданың қолында екенін білсе, жыламас еді»; «Кімнің баласы?»; «Некесіз баласы ма?»; «Жұлдызға айтылған ән сияқты»; «Кімнің баласы екенін табыңдар»; «Тағы да балалы болғысы келіп жүрген сияқты ғой. Балалары үлкен, ер жетіп кетті»; «Келіншегіңізге айтыңыз мына әнді», — деп жазуда көпшілік.