понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Перзентхана – екінші үйім»: Төреғали Төреәлі алтыншы рет әке атанды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің шаңырағында тағы бір сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Өнер иесі бұған дейін 3 қыз, 2 ұлдың әкесі еді.

«Алла деп бағындырдым биыл шыңды,

Перзентхана екінші үйім сынды

Алтыншы рет бұйырды әке атану

Алты Алаштан сұраймын сүйіншімді!» – деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызы алтыншы рет әке болған сезімі қалай екенін жеткізіп, жан сырын ақтарды.

«Бүгін Кеген ауылына кетуім керек болған. Қасиетті жұмада намаз оқып, елмен бірге дұға тіледім. Сол кезде Толқын перзентханаға кеткен. Намаз оқып жатқанда жаңбыр қатты құйды. Сол кезде босанды-ау деп ойлап едім. Көп өтпей Толқынның өзі хабарласып, сүйінші сұрады. Әр шаңыраққа сәби бұйырсын!» – деп жазды өнер иесі.

Что думаете об этом?
Нравится 6
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0