пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Талдықорған полициясының экс-бастығының жұбайы: «Қыз зорланған жоқ, бәрі өз еркімен болды»

Талдықорған полициясының экс-басшысы 11 жылға ауыр айыппен бас бостандығынан айрылған. Жұбайы Ләззат Түкенова Айтылмай қалмасын подкастында сот үкімін аппеляцияға бергенін айтты, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Бейнеден алынған кадр
Бейнеден алынған кадр

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Күштібаевтың әйелі жәбірленушіге хатшы арқылы 40 миллион теңге аударғаны белгілі болды. Қаржыны алған соң арыздан бас тартып, шындықты айтамын деп уәде еткен. Алғашқыда 1000 доллардан басталып, кейін көтерілген ақша да, шағым да қайтпаған.  

Оқиға орын алған жерден жәбірленушінің шыққан бейнежазбасы жарияланды. Жұбайы да, бағдарлама жүргізуші Гүлмира Әбіқай да қыздың түк болмағандай қоштасып кете барғанына таңқалды. Әйелінің айтуынша, экспертиза нәтижесінде қыздан Күштібаевтан басқа үш еркектің ұрығы табылған. Ләззат Түкенова қыздың үйленген көңілдесі бар екендігін айтты. Жұбайының соттың жедел шешім қабылдау және тергеу барысына көңілі толмады.  Айыпталуышының кенеттен денсаулығы нашарласа да, ол жайт ешкімді алаңдатпаған.

«Тағы ауырды жүрегім. Ертеңінде жан-жақтан қысым болды. Өйткені бұл кісілер асықтырды. Тезірек соттап жіберуді көздеді. Ол бәрінің басына бәле болды», - дейді Ләззат Түкенова.

Бірнеше жыл жинаған абыройы, беделі бір сәтте жоқ болған Марат Күштібаев абақтыда намазға жығылғаны белгілі болды. Әйелі нақты зорлау фактісі орын алмағанын айтып шырылдауда. Соңына дейін күйеуінің абыройы үшін күреспекші.

Еске салайық, полиция бастығы 2023 жылдың қараша айында ұсталған. Жетісу облысының ПД-да зорлау туралы арызды 27 жастағы қыз берген. Жәбірленушінің айтуынша, Марат Күштібаев оны тікелей қызметтік кабинетте жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр еткен.

Сот үкімімен ҚК-ның 120 бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша кінәлі деп танылды және 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сондай-ақ, ҚК-нің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес ол полиция полковнигі атағынан айырылды.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 3