пятница, 18 октября 2024 г.
icon
487.24
icon
529.34
icon
5.02
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-3oC
×

Ақсуатта халқы Төреғали Төреәліні он сағат бойы тік тұрып күткен

Таяуда әнші Төреғали Төреәліні ақсуаттықтар он сағат бойы тікесінен тік тұрып күткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, Төреғали Төреәлі Ақсуат қаласында жеке концертін өткізген. Бірақ шоу-бизнес өкілі тыңдармандарын 10 сағат күттіріп қойған.

«Мен Алматыдамын. Алматыға келе сала жұмыстарды бастап кеттік, әзірге Ақсуатта өткен концерттегі қызықтарды бөлісейін. Халқым мені, мен халқымды сағынып қалыппыз. Аллам абыройдан айырмасын!» — деп жазды әнші.

Ал Қазақстан эстрадасының жұлдызы халықты ұзақ күттіргенін ашық  мойындады.

«Көптен күткен Төреш ағаны 10 сағат бойы тік тұрып күтіп тұрды. 25 мың халық 20.00-ден бастап күтті. Осындай керемет эмоция сыйлаған жандарға мың алғыс», — деп жазды желіде әншінің бір оқырманы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 4