воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-10oC
×

Липосакциядан қайтыс болған әйелдің үш баласы мен кредиті қалды

Алматыда артық майдан арылам деп клиникалардың бірінде қайтыс болған тұрғынның туысқандары «Айтылмай қалмасын» подкастына әділдік сұрап келді. 47-жастағы әйелдің артында 3 баласы мен кредиті қалған, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: бейнеден алынған кадр
Фото: бейнеден алынған кадр

Естеріңізге сала кетсек, липосакция жасаған әйел таңертең 7:50 де мекемеге өз аяғымен кіріп, түнге қарай денесі ғана шыққан.

Марқұмның туыстары клиниканы сол күні жедел көмек көрсетпеді деп айтыптауда. Олардың айтуынша, жекеменшік мекеме пациенттің жағдайы нашар екенінен хабардар бола тұра, жедел жәрдем қызметін шақырмаған. Олар клиника болған соң, мұндай жерде жан сақтау бөлімінде көрсетілетін қызметтің болмайтыны анық деп отыр. 

«Таныстарымызға хабарласқанда дереу жедел жәрдем шақыруға кеңес берді. Себебі бұл клиникада жедел қызмет көрсететін кәсіби мамандар жоқ екен. №12 ауруханаға хабарласқан дұрыс деп бөлісті. Біз жедел жәрдемге, құзырлы орган қызметкерлеріне хабарластық. Бірақ медициналық мекеме болған соң ешкім келмеді. Өйткені олар өздері шақыруы керек екен», – деп бөлісті марқұмның сіңлісі.

Бастауыш сынып мұғалімі маусым айынан бері клиникамен тығыз байланыста болған. Барлық алдын-ала тексеріс пен осы мекемеде отаның алдындағы жеке кеңесті қоса есептегенде, 100 мың теңгеден артық қаржы кеткен.

Туысқандарының айтуынша, сараптама қорытындысы инфаркттан қайтыс болды деп келген. Ең қызығы, отаға дайындық алдында өткізген міндетті құжаттардың тізімінде кардиолог маманның кеңесі қарастырылмаған екен.

«Біз кардиолог маманмен сөйлестік. Негізінен мұндай жағдай қанға май кеткенде болады екен. Құжаттар тізімінде тек экг ғана болған. Бөлек кардиолог маманның кеңесі болу керек. Ал клиникада мұндай жоқ», – дейді сіңлісі.   

Сенімге әбден кірген клиника ешкімді ықтимал жағдайлар жайлы хабардар етпегеніне жақындары қапалы. Бағдарлама барысында марқұмның туыстары жарнамасы жақсы мекеменің лицензиясына да күдікпен қарайтынын айтты. 

Марқұмның жақындары мәйітханадан денесін келесі күні 110 мың теңгеге алдырғанын да мәлімдеді.

Туысқандары өз қаржыларын адвокат та жалдаған. Дмитрий Перцовтың айтуынша, жауаптылар ең көп дегенде 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Бұл өрескел құқық бұзушылық. Қызметкерлер 317-баптың 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Ең көп дегенде 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дәрігердің қателігін дәлелдеу үшін бірқатар мамандарға жүгіну керек. Бұл сұраққа тек бір маман ғана жауап бере алмайды. Тиісті комиссиялық сараптамалар тағайындалады», – дейді адвокат.

Марқұмның туыстары әділдік үшін соңына дейін күреспекші. Олар мекеме қызметкерлері тиісті түрде моральды-материалды тұрғыдан кешірім сұрауын талап етеді. Сараптама қорытындысы да қайта қаралып, нақты себебі анықталғанын қалайды. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0