вторник, 17 сентября 2024 г.
icon
479.38
icon
531.63
icon
5.27
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
5oC
×

Мөлдір Әуелбекова 20 миллионға су жаңа көлік алды

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова көлік сатып алғаны жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды «ИА NewTimes.kz».

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекованың таңдауы Zeekr 001 темір тұлпарына түскен. Елімізде бұл көліктің нарықтағы орташа құны 20 миллион теңге.

«Құттықтағандарға жұғысты болсын!» – деп Мөлдір Әуелбекова өз парақшасында жазған.

Желі қолданушылары өнер иесін жарыса құттықтап жатыр. Ақ тілегін жаудырып, танымал әншінің қуанышына ортақтасуда.

«Өзім алғандай қуанып отырмын! Көлігің тоза берсін, өзің оза бер! Құтты болсын,  бізге жұғысты болсын! Жолда қалдырмайын, жолы ақ көлік болсын! Тек жақсылыққа жеткізетін көлік болғай! Қуаныштымын!» – деп оқырмандар пікір қалдырған. 

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1