+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
17.11.2015 в 14:38

Жемқорлықты түбірімен жоямыз

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр. Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сыбайлас жемқорлық – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді. Елбасымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру  аса маңызды міндет екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды қыры.

Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. Осыған байланысты, Әділет департаментінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықты болдырмау үнемі назарда ұсталып келеді. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін болдырмау.

Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды әрбір азамат өзінен бастағаны жөн. Еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің  асыл мұраттарға қол жеткізуі біздің отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлықпен күресу - барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының  азаматтық борышы деп білу керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің міндет – халыққа қызмет!»деп белгілеп берген ұран негізінде: «Халықтың сенімін ақтау үшін -  мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, олардың қызметін азаматтардың мүдделері үшін қанағаттандыруға, мемлекеттік қызмет сапасын жақсартып, мемлекеттік қызметшілерге этикалық және тәртіптік мінез-құлық қалыптастыруға бар күш-жігерімізді салуымыз қажет» дегенді жиі айтады.

Айта кету керек, қазіргі таңда облысымыздағы 567 мемлекеттік органдар қызмет атқаруда, оның ішінде, жергілікті атқарушы органдар – 403, аумақтық мемлекеттік органдар – 147 және өкілді органдар – 17.

2015 жылғы І-тоқсанның қорытындысы бойынша облысымызда мемлекеттік қызметшілердің саны 8229 бірлікті құрайды. Оның ішінде, саяси мемлекеттік қызметшілер саны – 7,  «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері – 25. 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Республикамызда мемлекеттік қызметшілер саны – 98 мыңға жуық, яғни халық санын бір мемлекеттік қызметшіге шаққанда 171 адамға келеді екен. Ал, тиісінше Оңтүстік Қазақстан облысында халық санының көптігіне байланысты, бір мемлекеттік қызметші 360 адамға қызмет жасайды екен.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика