«Сыбайлас жемқорлықтың алдына алуда БАҚ-ның, журналистердің кинематографиялық мекемелердің, мәдениет қайраткерлерінің рөлі» тақырыбымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бейне байланыс жүйесі ашық келісім алаңы өтті.
Оның мақсаты – қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен тәрбиелеуге жағдай жасау.
Іс-шара барысында ҚР кинематографиялық ұйымдардың және БАҚ-ның белсенділері сөз алды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз хатшысы А. Жумағалиев, Қазақстанның Интернет Қауымдастығының президенті Ш. Сабиров, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаев, Қазақстан кинематографиялық ұйымының төрағасы И.Вовнянко өз пікірлерін білдірді.
БАҚ басшылары және мәдениет қайраткерлері қатысқан іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жоспары талқыланып, ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп қабылданады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабы 1-тармағы).
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар) болып табылады.