+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
25.11.2015 в 16:10

Шымкентте мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасының негізгі тұжырымдары түсіндірілді

ОҚО әкімдігінің Аймақтық коммуникациялар қызметінде Елбасының 5 институционалдық реформасының бірінші бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» аясында баспасөз конференциясы болып өтті.

Баспасөз жиынына ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Әсет Байсынов, жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Абдулла Есімханов және Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов қатысты.

Жиында сөз алған Ә.Байсыновтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметке 4573 штат бірлігі қаралса, оның 803-і облыстық, 3770-і қала, аудан, ауылдық округ деңгейінде жұмыс істейді. 

Бүгінгі таңда жергілікті басқару органдарында 296 бос орын бар болса, 1 қаңтардан бастап оған тағы 50 орын қосылады. Сондай-ақ, ол өңірдегі мемлекеттік органдар мен колледждер, жоғары оқу орындарының бірлескен жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. 

Өз кезегінде жазушы М.Байғұт тілшілерді өзінің мемлекеттік қызметте жұмыс істеген жылдарындағы үлкен тәжірибесімен бөлісті. 

Кездесуде А.Есімханов кадр саясатында мамандарды іріктеуді ашық жүргізуге айрықша назар аударылатынын мәлімдеп, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның кейбір тұстарын түсіндірді. Жиын соңында Шымкент қаласы аппаратының басшысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі және Queen Mary University of London (Ұлыбритания) оқу орнын мемлекеттік басқару ісі бойынша магистрі Р.Аюпов жастарды мемлекеттік қызметке келуге шақырды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика