+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
26.11.2015 в 16:14

Арыс қаласы 100% сумен қамтылмақ

Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдар ішінде Арыс қаласы адам танымастай өзгеретін болады. Оған республикалық бюджеттен 43 млрд  теңге бөлініп отыр.

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сейіт Ертай мәлім етті. 

Бүгінде Арыс қаласында атқарылған жұмыстар ауқымды. Мәселен, биыл 6 білім ордасы нысандарының құрылысы жүрсе, 9 мектеп пен 1 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 19 576 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріліп, қалалық мәдениет үйі қайта жаңғыртудан өтті. Ел игілігіне берілген нысандардың қатарында жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешені де бар. 

Сондай-ақ, қалада жыл басынан бері 25 көше, яғни 24,7 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Оның ішінде келер жылға өтпелі 5 көшеге бүгінгі таңда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, кеңейіп, аяқжолдармен қамтамасыз етілуде. Ал қаладағы 4 саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көшелер жарықтандырылып, суағарлар қойылуда. Баспасөз мәслихатында қала әкімі С.Ертай 10 айда 8 млрд. 200 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілгенін, индустрияландыру картасы аясында бидай, ет және сүт өнімдерін өндіретін 3 жоба жыл соңына дейін іске қосылып, нәтижесінде жүзге жуық жаңа жұмыс орыны ашылу көзделіп жатқанын айтты.  

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары 8 мың тұрғыны бар «Отырар», «Наурыз», «Оңтүстік» елді мекендеріне инфрақұрылым жүргізілетін болады. 40 мыңнан астам қала тұрғындары жыл соңына дейін 100% таза ауыз сумен қамтылатын болады. Жалпы Арыста 70 мыңнан астам халық бар.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика