+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
05.08.2016 в 14:21

Бас прокуратура әлеуметтік желілердегі экстремистік топтарды бұғаттады

Күні кеше Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін құқық қорғау органдары дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатын ел тұрғындарын тексере бастады. Бұған дейін де экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары елімізде аз жүргізілген жоқ, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Алайда, мұндай шаралардың нәтиже бере бермейтініне соңғы оқиғалардан кейін көзіміз жетті.

Содан да болар, еліміздің Бас прокуратурасы нақты шараларды қолға ала бастады. Атап айтар болсақ, прокуратура органдарының ықпалымен «Вконтакте» және «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі қауіпті топтар бұғатталды. Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Белгілі болғандай, аталмыш әлеуметтік желілердегі бірқатар қоғамдастықтар экстремистік бағыттағы діни материалдарды таратып келген.

Сонымен қатар, адамды өлімге, суицидке шақырып, үгіттейтін топтар да анықталды. Көкшетау соты жүргізген тексеріс нәтижесінде, шетелдік ақпарат құралы өнімдерін Қазақстанда заңсыз таратылуына қатысты екі шағым түскен. Жақын уақытта сот прокуратура ұсынған топтарға қатысты тиісті шешімді шығарады.

Заң органдарының әлеуметтік желілерді тексеруі бекер емес. Өйткені, діни радикалдардың көпшілігі өз уағыздарын әсіресе «Вконтакте» желісі арқылы жиі жүргізеді екен. Сонымен қатар, ұрланған және ұсталған ұялы телефон сатуға құмар «діндарлар» сол аппараттар арқылы да өз идеяларын тарататын көрінеді. Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірханның жуырда жүргізген түсіндіру жұмыстары барысында осы мәселе айтылды.

Негізінен бүлікшіл топтар барынша кең көлемді аудиторияны қамтуды мақсат етеді. Олардың әлеуметтік желілер арасында көшіп-қонып жүруі Twitter мен Facebook сияқты платформаларға проблема туғызып отыр. Сондықтан қазірде еліміздің Бас прокуратурасы әлеуметтік желілердегі экстремистік топтарды анықтап, оларды жоюға тырысуда.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика