воскресенье, 20 апреля 2025 г.
icon
521.9
icon
593.5
icon
6.39
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
4oC
×

ДАИШ – мұсылман үмбетінің арасына арнайы салынған үлкен іріткі

ДАИШ – мұсылман үмбетінің арасына арнайы салынған үлкен іріткі, Исламға жағылып жатқан қара күйе. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты Ғалымдар кеңесінің мүшесі оңтүстікқазақстандық исламтанушы-маман Алау Әділбаев осылай дейді. Жалған жиһадшылар мен ислам атын жамылған лаңкестер туралы кеңінен ой қозғаған ғалым терроризм мен ислам сөздерін қатар қоюға мүлдем болмайтынын айтып отыр.

«ДАИШ аймақтағы тұрақсыздық мүддесіне жарап отырған елдердің ойыншығы, соғыс отын маздатуға жарап тұрған әншейін бір көсеу ғана. Сондықтан «жиһад» деп сағым қуып кетіп жатқан мұсылман жастарының осы айтылғандардың бәрін ақыл елегінен өткізіп, салқынқандылықпен әрекет етіп, ешкімнің ойыншығына айналмайтындай парасатқа ие болуы қажет. Қазіргі таңда әлемге исламның нағыз адамшылыққа, көркемдікке негізделген шынайы бейнесін көрсете білу – ең ұлық жиһадтың нақ өзі», - дейді А.Әділбаев.

Оның пікірінше, исламды террормен қатар қою – дін ішіне іріткі салу мақсатында жүзеге асып келеді.

«Исламды зұлымдықпен, терроризммен қатар қоюдың тарихи қателік әрі шындықты бұрмалаушылық екенін тағы да бір қайталап айта кеткім келеді. Этимологиялық тұрғыда алған күннің өзінде Ислам мен террордың бір-бірінен қаншалықты алшақ ұғымдар екендігі айтпаса да көрініп тұр. Әсілінде Исламды терроизмге телу 1990 жылдардағы әлемде орын алған саяси оқиғалардан кейін ғана қылаң бере бастағаны белгілі. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында және террористік қарулы күштердің арасында Исламға қара күйе жағу үшін «жиһад» және «халифат» секілді ұғымдар жиі қолданылып жүр», — дейді оңтүстікқазақстандық ғалым.

Ғалымның пікірінше, қазақ халқының ұстанған дәстүрлі исламы бар. Дәл сол жолдан адаспай, балалар жолының етегінен ұстасақ, сырттан келіп жатқан теріс діни ағымдардың кез-келгеніне қарсы тұратын иммунитетіміз болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0